«Кәмелетке толмағандардың қауіп-қатердің алдын алу және жазғы кезеңде қауіпсіз мінез-құлқын қамтамасыз ету»

28.05.2026

«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Қима ауылы Қ.Өскенбаев атындағы жалпы орта мектебі»КММ жанындағы «Аққу» шағын орталығында тәрбиешілердің жоспарына сәйкес 2026 жылдың 21 мамыр күні «Кәмелетке толмағандардың қауіп-қатердің алдын алу және жазғы кезеңде қауіпсіз мінез-құлқын қамтамасыз ету» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ата-аналар жиналысына «Аққу» шағын орталығы тәрбиеленушілерінің ата-аналарымен қатар, балалары мектепке дейінгі мекемеге бармайтын ата-аналар да шақырылды.
Жиналыстың мақсаты – жазғы кезеңде балалардың өмірі мен денсаулығына ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, үйде, көшеде, су айдындарының жанында және балалар ойын алаңдарында қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы жазатайым оқиғалар мен балалар жарақатының алдын алу болды.
Ата-аналар жиналысы барысында тәрбиешілер ата-аналарды жазғы кезеңде балалардың қауіпсіз мінез-құлық ережелерімен таныстырды. Балалардың жарақаттануының алдын алу, көшеде, су айдындарының маңында, ойын алаңдарында қауіпсіз жүру, сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін сақтау мәселелері қарастырылды.
Ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балаларды үнемі бақылауда ұстау, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау қажеттілігі ескертілді. Сонымен қатар, балалардың жазғы демалысын қауіпсіз әрі пайдалы ұйымдастыру және денсаулықтарын нығайту бойынша ұсыныстар берілді.
Жиналыс жылы әрі достық атмосферада өтті. Ата-аналар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісті. Кездесу соңында ата-аналарға жадынамалар таратылып, келесі ұсыныстар берілді:
•    жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігіне бақылауды күшейту;
•    балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау;
•    балалармен күн сайын қауіпсіз мінез-құлық ережелері туралы әңгіме жүргізу;
•    жол қозғалысы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау;
•    балалардың пайдалы әрі қауіпсіз демалысын ұйымдастыру.

  • 2.jpeg
  • 1.jpeg


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу