«Үй жағдайындағы дамытушы ойындар»
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Қима ауылы Қ.Өскенбаев атындағы жалпы орта мектебі»КММ жанындағы «Аққу» шағын орталығында кеңес беру пунктінің жоспарына сәйкес тәрбиеші Жумабекова Ш. А. ата-аналармен «Үй жағдайындағы дамытушы ойындар» тақырыбында кеңес өткізді.
Кездесу ата-аналар мен балалардың қатысуымен жылы, достық атмосферада өтті. Кеңес барысында тәрбиеші ерте жастағы баланың дамуында ойынның маңыздылығы туралы айтып, үй жағдайында ұйымдастыруға болатын қарапайым әрі қолжетімді дамытушы ойын түрлерін көрсетті. Ата-аналар ойын әрекеттері арқылы баланың сөйлеу тілі, ұсақ моторикасы, зейіні мен ойлау қабілеті қалай дамитынын тәжірибе жүзінде көрді.
Балалар ұсынылған ойындарға қызығушылықпен қатысып, белсенділік танытты және жағымды эмоциялар көрсетті. Ата-аналар үйде бірлескен ойын әрекетін ұйымдастыру бойынша практикалық ұсыныстар мен кеңестер алып, өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.