Текст
Іс-шараның басты мақсаты – балаларды дамытушы ортаға тарту арқылы олардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасау және жағымды эмоциялық көңіл-күй сыйлау болды.
Мерекелік бағдарлама аясында тәрбиеленушілер үшін қызықты ойындар, шығармашылық шеберлік сабақтары, азық-түлік пленкасына сурет салу, сондай-ақ бірлесіп үлкен суреттерді бояу ұйымдастырылды. Балалар рөлдік ойындарға қатысып, өз қиялдарын еркін жеткізуге мүмкіндік алды.
Бұл күн кішкентай қонақтар үшін шаттық пен қуанышқа толы нағыз мерекеге айналды. Сонымен қатар, аталған іс-шара мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын балаларды әлеуметтік ортаға тарту жолында маңызды қадам болды.