Текст
19 ақпанда орта мектепте 10-11 сынып оқушыларына арналған ақпараттық дәріс өткізілді. Учаскелік инспектор мен мектеп медбикесі оқушыларға алкоголь мен темекі өнімдерінің зияны туралы айтып, құқық бұзушылықтар мен интернет алаяқтық тақырыбын талқылады.
Ерекше назар алкоголь мен темекі өнімдерін пайдаланудың жасөспірімдердің денсаулығы мен әлеуметтік өміріне әсеріне аударылды. Сонымен қатар, инспектор құқық бұзушылықтардың түрлері мен олардың салдары туралы ақпарат берді. Кездесудің соңында оқушыларға интернет қауіпсіздігі ережелерін еске салып, желідегі алаяқтық мысалдарын талдап, түсіндірді.