«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 


Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АТА-АНАЛАРҒА ҮНДЕУ

07.08.2025

Құрметті ата-аналар!
 Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия кәмелетке толмаған балалардың кешкі және түнгі уақытта ересектердің қарауынсыз қоғамдық орындарда жүру фактілерінің жиілеп кетуіне алаңдаушылық білдіреді.
 Ішкі істер министрлігінің ресми мәліметтері бойынша, ағымдағы жылдың
27-29 шілде күндері аралығында өткен «Түнгі қаладағы балалар» профилактикалық рейді шеңберінде 8 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Атап айтқанда:
- 705 ата-ана бала тәрбиесіне қатысты ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылды;
- 176 ұсақ бұзақылық тіркелді;
- түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында және көшеде болуына жол бергені үшін 6,8 мың ата-ана мен 170 кәсіпкерге шара қолданылды.
Бұл фактілер балаларға қатысты құқық бұзушылықтарға алып келуі мүмкін еді. Осыған байланысты полиция органдары тарапынан олардың алдын алуға бағытталған шаралар қабылданды.
Ата-аналар мен кәмелетке толмағандардың заңды өкілдеріне үндеу тастаймыз: балалардың қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің артуына байланысты, олардың қайда жүргенін бақылауға алып, жеке қадағалауды күшейтулеріңізді сұраймыз.

Просмотров: 270


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст