Біздің мектепте «Мектепте өзін-өзі басқару жеке тұлғаның үздіксіз қалыптасу факторы» тақырыбында дикректордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасаларының аудандық семинары өтті. Семинарға келген қонақтарды мектептің кішкентай оқушылары ән, би, өлеңдер шашуымен қарсы алды. Семинардың басында сөз алған аудандық бөлімнің әдіскері Копеева А. Б. семинардың бағдарламасымен таныстырды.
Бұл семинар негізінде өзін-өзі басқару жеке тұлғаның үздіксіз қалыптасу факторы бойынша ашық сабақтарды оқушылар өздері басқарды. Алшынбаева Ж. З. басқаруымен 5 сыныпта өткен «Угадай мелодию» тақырыбындағы ашық сабақты 10 сынып оқушысы Сыздыкпаева Ж. жүргізге, Молдагалиева А. К. бағыт беруімен «Алтын ұрпақ» тақырыбындағы ашық сабақты 4 сынып оқушысы Сұлтанбекова А. өткізді.
Бағдарлама бойынша тәрбие сағаттарынан кейін дөңгелек үстел, баяндамалар оқылды.
Әрине, әр семинар, жиылып бас қосудан кейін қорытынды жасалып, келушілер өз лебізін білдіріп жатады. Ендеше, бұл жолы да біздің оқушылардың жұмыстары семинарға қатысушылардың ойлары бойынша жоғары деңгейде бағаланды 3 сынып оқушыларының биі, Шакаева Янаның орыс, қазақ тілінде орындалған «Қазақстан» әні көпшіліктің көңілінен шықса, жүргізушілер міндетін атқарған Чореску Д., Морозова А., Обухова А., Ишимбаева О. таланттарына, сол сияқты Султанбекова А. мен Сыздыкпаева Ж. ұйымдастыру қабілеттеріне ұстаздар бір ауыздан өз сұйіс пеншіліктерін білдірді.