Текст
Келеңсіз жағдайлар суға шомыла білмеуінен, адамдардың суда қауіпсіздік ережелерін орындамауынан болып жатады. Осындай оқиғаларды болдырмау үшін қауіпсіздік шараларын орындаған жөн.
Суда шомылудың қауіпсіздік шаралары:
- Суға шомылатын жерді, жалпы жағдайды, судың тазалығын, тереңдігін мұқият тексеріп алыңыз.
- Суға тек қана рұқсат етілген жерлер мен жағажайларда шомылыңыздар.
- Өте ұзақ шомылмаңыз, аяқ-қолдың тартылуына, тырысуына әкеп соқтырады. Бұндай жағдайда сабыр сақтап, арқамен шалқалай жатыңыз.
- Жалғыз шомылмаңыз, суға түскенде бір-біріңізді көзден таса қылмаңыз.
- Қоршау белгілерінен тысқары аумаққа шықпаңыз.