«Ғажайып Жаңа жыл!»
«Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімінің Қима ауылы Қ.Өскенбаев атындағы жалпы орта мектебі» КММ жанындағы «Аққу» шағын орталығында жоспарына сәйкес 2025 жылдың 25 желтоқсанында «Ғажайып Жаңа жыл!» атты ертеңгілік өткізілді.
«Аққу» шағын орталығының кеңес беру пункт педагогтері мектепке дейінгі ұйымға бармайтын ерте жастағы балалар мен олардың ата-аналарын жаңа жылдық мерекеге шақырды. Балалар мерекеге әсем жаңа жылдық киіммен келіп, өз өнерлерін қуана көрсетті: өлең оқыды, би биледі, шеңбер жасап би биледі.
Аяз атаның келуі балаларға ерекше қуаныш пен жағымды эмоциялар сыйлады. Ол барлық балаларға сыйлықтар табыстап, мерекенің сәнін кіргізді. Көңілді әрі жылы өткен бұл мереке балалар мен ата-аналардың жүрегінде жағымды әсер қалдырып, сиқыр мен жаңа жылдық көңіл күй сыйлады.