8 наурыз Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу қарсаңында Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Қима ауылының Қ.Ш.Өскенбаев жалпы білім беретін мектебі КММ-де 5-8 сынып оқушылары арасында «Золушка» сайысы өткізілді.
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, интеллектуалды - танымдық мақсатында сайыс өткізілді. Бұл сайыста оқушылардың білімі мен интеллектуалды даму деңгейі ескерілді. Тапсырмалар сурет сабағында қолданылатын бағдарламалық материалмен тығыз байланысты болды. Бұл тапсырмалар оқушылардың жалпы дүниетанымын тексеру, тапқырлық және шапшаң ойлауға арналған. Барлық тапсырмалар жеңіл және күрделеніп отырды, бұл оқушылардың ақыл-ой белсенділігін арттыруға көмектеседі. Сондай-ақ, іс-шара көңілді , әрі қызықты болды. Бұл сайыс қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сайыстың жеңімпаздары келесідей қорытындыланды:
5-сынып « Керемет аралар » командасы - «Ең мейірімді» номинациясына иеленді.
6-сынып «Моншақтан » командасы - 3 орын
7 сынып « Жауынгер қыздар» командасы - 1 орын
8 сынып «Жеңімпаздар» командасы - 2 орын
Сайыс жеңімпаздарын құттықтаймын !!!
Іс-шараны өткізген: Ирина Сергеевна Морозова