Текст
Педагогикалық кеңестің күн тәртібі бойынша ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Жакен Күнімжан Ерланқызы «Дифференциалды оқыту – ағылшын тілі сабақтарында білім сапасын арттыру құралы ретінде» тақырыбында баяндама жасады. Мұғалім ағылшын тілі сабақтарында сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым) дамытуға арналған бірнеше дифференциалды оқыту тәсілдерін көрсетті. 3,4,6 сынып оқушыларына арналған көрнекі және үлестірме материалдармен жұмыс жасау үлгілері көрсетілді. Сонымен қатар, Күнімжан Ерланқызы оқушылардың қызығушылығын арттырып, белгілі бір тақырыпты тиімді меңгеруге көмектесетін бірнеше пайдалы білім беру платформаларымен бөлісті.